Выйти
RU

Балаларға жолатпаған: Дәрігерлерге пышақ ала жүгірген Павлодар тұрғыны ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар жатақханасындағы карантин аяқталған соң, сот дәрігерге пышақ ала жүгірген ер адамның ісі бойынша шешім қабылдады. Сот отырысында белгілі болғандай, ол дәрігерлерді балаларының бөлмесіне кіргізбеген көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Балаларға жолатпаған: Дәрігерлерге пышақ ала жүгірген Павлодар тұрғыны ұсталды

Павлодар қаласындағы карантинге жабылған жатақхана. Фото: NUR.KZ

Павлодар қаласындағы Бейбітшілік көшесі 54/1 мекенжайында орналасқан жатақхана 14 сәуір күні карантинге жабылған еді. Дәрігерлер мұнда көпқабатты үй тұрғындары туралы дерек жинау мақсатында келген.

Сонымен қоса, тұрғындардан COVID-19 инфекциясына сынама алған. Алайда бөлмелердің бірінде ащы суға тойып алған және қолына пышақ ұстаған ер адам ақ халаттылардың жұмысына кедергі жасады.

Полицейлер көпқабатты үйдің 34 жастағы тұрғынын сабырға шақырып, тыныштандыра алды.

Әкімшілік сот бірден шешім шығармады, себебі 14 күндік карантиннің аяқталуын күткен.

"Іс материалдары бойынша бұл тұлғаның мас болғандығы анықталды. Түсіндірмелерінде ол балаларына инфекция жұқтырудан қорқатынын айтты. Оған қатысты қамауға алу шарасы іске асты, өйткені әрекет төтенше жағдай кезінде жасалған, яғни бұл жағдай оның кінәсінің салмағын ауырлатады",– деді Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Марданов.

Нәтижесінде 14 күндік карантинде болған ол тағы 10 күнге уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шешім заңды күшіне енбесе де, ер адам қамауға алынды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында ер адам әйеліне көшеде балтамен шабуылдағанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Балаларға жолатпаған: Дәрігерлерге пышақ ала жүгірген Павлодар тұрғыны ұсталды