Выйти
RU

5 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін: Әлемде коронавирусқа тест тапсыру бағасы қанша

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанға ұшатын жолаушылар үшін коронавирусқа тест тапсыру бағасы 20 мың теңгеден 10 мың теңгеге арзандайтынын хабарлады. Осы тұста KAZ.NUR.KZ әлем елдерінде тест тапсыру қанша тұратынын анықтады.

5 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін: Әлемде коронавирусқа тест тапсыру бағасы қанша

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазіргі уақытта COVID-19 инфекциясын анықтаудың бірнеше әдісі бар, бірақ ең сенімдісі - коронавирусты ғана емес, басқа да ауруларды анықтайтын полимеразды тізбекті реакция тесті (ПТР). 1993 жылы Кэри Муллис ПТР әзірлегені үшін Нобель сыйлығына ие болған. Әзірге дүние жүзінде тестің екі түрі- жылдам анықтайтын экспресс-тестер және ПТР тестері пайдаланылады.

Алғашқысы нәтижесін 15 минут ішінде бергенімен, сенімділік деңгейі аса қатты жоғары болмайды. Бұл тест бағасы бойынша қолжетімді, бірақ ғалымдардың сендіруінше, нәтижелердің 20-30 пайызы қате болады.

Ал ПТР тесті әлдеқайда күрделі және қымбат, бірақ аурудың бар-жоғын жеткілікті түрде анықтайды. Тестілеудің қос жағдайында да коронавирустың инкубациялық кезеңі кем дегенде екі апта екенін, сондықтан вирус ағзада анықталмауы мүмкін екенін есте сақтау қажет. Сондықтан, сенімділік үшін тесті тағы бір рет тапсырған дұрыс.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Италия

Италия коронавирустан қатты зардап шеккен мемлекеттер қатарында. Елде тесті дәріханада сатып алуға немесе жекеменшік тәртіпте тапсыруға болмайды. Тест тек пневмония белгілері бар адамдарға мемлекет қаржысына өткізіледі. Бағасы орташа есеппен 25 еуроны, яғни, шамамен 12 мың теңгені құрайды.

Германия

Германияда кез келген адам COVID-19 инфекциясына тест тапсыра алады, бірақ оның бағасы 200 еуродан, яғни, 93 мың теңгеден басталады. Егер дәрігер науқасты күдікті жағдай ретінде тіркесе, тест бағасын аурухана төлейді.

Испания

Испанияда үкімет тесті барлық жекеменшік зертханалар жасауын және бағаны көтермеуін қамтамасыз етіп отыр. БАҚ беттерінде тест бағасы 300 еуроға дейін (139 мың теңге) жеткені туралы ақпарат тарады. Тест жасау тек дәрігер рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Ұлыбритания

Тұманды Альбионда COVID-19 инфекциясын анықтаумен Ұлттық денсаулық сақтау қызметі айналысады, бірақ қызметті британиялықтардың барлығы пайдалана алмайды. Көпшілігі жекеменшік клиникалар мен зертханаларға жүгінеді.

Ұлыбританияда ең арзан тест-жиынтықтарды үйге жеткізу 199 фунт стерлингті (106 мың) құрайды. Ал 225 фунт стерлингке (120 мың теңге) сіз жиынтықты ғана емес, маман кеңесін де ала аласыз.

Тағы да оқыңыздар

Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер

АҚШ

АҚШ-та тестілеу жүйесі бойынша көптеген ұсыныс бар. Ашық дереккөздерде Америка Құрама Штаттарында ПТР тест бағасы 1500 доллардан басталып, 3000 долларға дейін (642 мың теңгеден 1 млн 285 мың теңгеге дейін) жететіні айтылып жүр. Экспресс тестер 250 доллардан (107 мың теңге) басталады.

Қытай

Аспан асты елінде коронавирус пен оны анықтау мәселесі қатаң қолға алынды. Жаппай тестілеу мен халықты емдеуге Қытай үкімет өзі жауап беруді шешті. Сондықтан, елде тест бағасы әлдеқайда арзан: 370 юань, яғни 53 доллар немесе 22 мың теңге.

Жапония

Өкінішке қарай, Жапониядағы ПТР тестің нақты бағасын табу мүмкін болмады. Бірақ, желіде жиынтық болып сатылатын экпресс тестер жайлы ақпарат бар. Соған сәйкес, 10 тестің топтамасы 25 мың иенді (шамамен 100 мың теңге) немесе 324 доллар екен.

Ресей мен ТМД елдері

COVID-19 инфекциясы посткеңестік алаңда Еуропа елдеріндегідей аса қатты тарала қойған жоқ. Ресейде толыққанды ПТР-тестер сияқты жылдам тестер де өткізіліп жатыр.

ПТР тест бағасы 900 рубльден 20000 рубльге дейін (5 мыңнан 115 мыңға дейін) жалғасады. Ал экспресс тестер ресейліктер үшін арзанырақ- 1250 рубль (7200 теңге). Грузияда ПТР тест 600-700 лари немесе 200-233 долларды (26-30 мың теңгені) құрайды.

Тағы да оқыңыздар

Дауысымен талайды тамсандырған Жанар Дұғалованың актрисалық қыры жайлы не білеміз?

Украиналықтар тест үшін 2900 гривен (46 мың теңге) төлейді. Ал Беларусьта тесті мемлекеттік клиникалар мен жекеменшік зертханалар ресми түрде өткізеді.

Қазақстан

Қазақстанда да экспресс тестер мен ПТР толыққанды зертханалық тестілеуі өткізіледі. Алматыда ПТР тестің бағасы 20 мың теңге болды, кейінірек ол 15 мыңға арзандады. Ал билет алуды жоспаралғандар үшін тест бағасы 10 мың теңгені құрайды. Экспресс тестерді 5000 теңгеге тұтына аласыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
5 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін: Әлемде коронавирусқа тест тапсыру бағасы қанша