Выйти
RU

"Коронавирусты Уханьда жасаған": ДДСҰ АҚШ-тың мәлімдемесін дәлелсіз деп атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның "Коронавирус Уханьдағы зертханадан жасалған" деген мәлімдемесіне дәлелсіз деген анықтама берді деп хабарлайды centralasian.org қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Коронавирусты Уханьда жасаған": ДДСҰ АҚШ-тың мәлімдемесін дәлелсіз деп атады

Көрнекі фото: pixabay.com

Ұйым Құрама Штаттардың үкіметінен сөздеріне дәлел келтіретін ешқандай анықтама алмағанын хабарлады.

"Біз АҚШ үкіметінен көзқарасына дәлел келтіретіндей ешқандай мәлімет алмадық. Сол себептен дәйексіз айтылған дүние деп есептейміз", - деді ДДСҰ-ның төтенше жағдай жөніндегі бағдарлама директоры Майкл Райан.

Райан сонымен бірге вирустың қайдан пайда болғаны жөнінде саяси емес, ғылыми зерттеу жүргізуге шақырды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 3 мамырда вирустың Ухань зертханасында пайда болғаны жөнінде жеткілікті дәлелдер барын мәлімдеген. Бірақ ол жан-жақты тоқталмады.

Кейін Помпео бұл мәлімдемесін ABC каналына берген сұқбатында тағы қайталады.

Қытайдың мемлекеттік CCTV телеканалы 4 мамырда Помпеоның мәлімдемесін "ешқандай шындыққа сәйкес келмейтін ақылсыз әрі екіұшты айтылған" деген пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Коронавирусты Уханьда жасаған": ДДСҰ АҚШ-тың мәлімдемесін дәлелсіз деп атады