RU

4179: Елімізде қауіпті вирус жұқтырған науқастар саны тағы да өсті

Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 19 науқас анықталды. Қазіргі таңда Қазақстанда қауіпті дертке шалдығу бойынша барлығы 4179 дерек тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

4179: Елімізде қауіпті вирус жұқтырған науқастар саны тағы да өсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"Қазақстандағы 2020 жылғы 5 мамырдағы сағат 17:30-дағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 19 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 4, Алматы қаласында – 3, Шымкент қаласында – 1, Қарағанды облысында – 6, Түркістан облысында – 1, Жамбыл облысында – 1, Алматы облысында – 3.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 179 адам анықталды. Олардың ішінде:

Алматы қ. – 1356,

Нұр-Сұлтан қ. – 732,

Қызылорда облысы – 216,

Шымкент қ. – 216,

Атырау облысы – 206,

БҚО – 198,

Қарағанды облысы – 167,

Ақтөбе облысы – 163,

Алматы облысы – 160,

Жамбыл облысы – 159,

Түркістан облысы – 155,

Павлодар облысы – 152,

Ақмола облысы – 101,

Маңғыстау облысы – 85,

Қостанай облысы – 53,

СҚО – 30,

ШҚО – 30.

Естеріңзге сала кетсек, 4 мамыр күні елімізде екі өлім жағдайы тіркелді. Пациенттердің бірі Павлодар облысының тұрғыны Жамбыл облысында қайтыс болса, екінші науқас Қарағанды облысында көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854512-4179-elimizde-kauipti-virus-zktyrgan-naukastar-sany-tagy-da-sti.html