Выйти
RU

Тоқаев: Ұлы Отан соғысында жеңіске жетудегі КСРО рөлін теріске шығаруға болмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан рөлі мен соғыстан кейінгі уақыт жайлы, сондай-ақ, майдангер әкесі туралы сөз қозғады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев ҰОС жайлы: Жеңіске жетудегі КСРО рөлін теріске шығаруға болмайды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан президенті өз пікірін ресейлік ТАСС басылымы бас директорының орынбасары Михаил Гусманмен әңгіме барысында білдірді. Тоқаев Жеңіс күні Қазақстан азаматтары үшін ұлы мереке екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қазақстан ҰОС кезінде жеңіске жету үшін аз күш салған жоқ. Мәселен, соғыс кезіндегі 10 оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылған. Одан бөлек, еліміз майданға тек азық-түлік пен ет қана емес, киім де жеткізіп отырған.

Президент майдангер әкесі туралы да сөз қозғады. Оның сөзінше, әкесі соғыс туралы әңгімелесуді ұнатпаған. Жанұяда ардагердің туған күніне қарағанда Ұлы жеңіс мерекесі дүркіретіп тойланған.

Тоқаевтың пікірінше, Кеңес одағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлы держава болып шыққан. Ал Кеңес республикаларының экономикасын қайта қалыпқа келтіру жалпы іске айналған. Осы тұста Қазақстан Белоруссияның, Украина мен Ресйдің экономикасын тұрақтандыруға белсенді түрде үлес қосқан.

"Тарихты бұрмалауға түбегейлі қарсымын. Әрине, сол жылдағы одақтастар- Америка Құрама Штаттарының, Ұлыбританияның үлесін де азайтуға болмайды. Біз бірге ұлтшылдық режиміне қарсы күрестік. Ал соғыста жеңіске жетуде КСРО-ның негізгі рөлін жоққа шығару- тарихи шындыққа қарсы шығу",- деді Тоқаев.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Ұлы Отан соғысында жеңіске жетудегі КСРО рөлін теріске шығаруға болмайды