Выйти
RU

Президент Тамара Дүйсенованы көмекші етіп тағайындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тамара Дүйсенова Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі – Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сондай-ақ, президент кеңесшісі болған Әлия Рақышева қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Тамара Дүйсенованы көмекші етіп тағайындады

Тамара Дүйсенова. Фото: gov.kz

Қасым-Жомарт Кемелұлы тиісті жарлықтарға қол қойды

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын"
"Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды", - делінген ресми құжаттарда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Тоқаевтың көмекшісі - Президент әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып Аида Балаева қызмет атқарған болатын.

Ол күні кеше ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент Тамара Дүйсенованы көмекші етіп тағайындады