Выйти
RU

Түркістан облысында алапат құйын үйлерді қиратып, шатырларды ұшырып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы табиғаттың ерекше құбылысын көрген тұрғындар дереу видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Кадрдан көк тіреген алапат құйынды анық байқауға болады. Жария етілген жазбаға қарағанда, оқиға Түркістан облысында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында құйын тұрып, шатырлар ұшып, үйлер қираған

Видеодағы кадрлар

Тұрғындардың айтуынша, құйын аймақтағы ауылдардың бірінің ғана үстінен жүріп өткен. Желі қолданушыларының дерегіне сүйенсек, оқиға Ордабасы ауданында орын алған.

Адамдар алдымен құйынның келе жатқан бейнесін видеоға түсіріп, содан соң құбылыстан кейін зардап шеккен нысаналарды көрсетті.

Видеодан дымы қалмаған шатырларды, қираған үйлер, шашылған жиһаздар, тамырымен жұлынған ағаштарды көруге болады.

Сондай-ақ, құйынның салдарынан 17 тұрғын үйге зақым келген.

Бұл жағдайға қатысты ІІМ ТЖК пікір білдірді.

Ведомствоның мәліметінше, 2 мамырда Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында секундына 20 метрге дейін күшті желдің салдарынан 17 жеке үйдің шатыры жарамсыз болып қалған.

Табиғи апаттың салдарынан адам өлімі анықталмаған және ешкім жарақат алмаған.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Мақтааралдағы су тасқынына себеп болған бұзылған су қоймасына байланысты Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында алапат құйын үйлерді қиратып, шатырларды ұшырып кетті