RU

COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын тестті кімдер тегін тапсыра алады

Міндетті медициналық сақтандыру аясында коронавирустың бар-жоғын анықтайын тестті кімдердің тегін тапсыра алатыны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Коронавирус қауіпті дерттердің санатында. Сол себепті де, басқа инфекциялық аурулар секілді тестілеу мемлекет тарапынан тегін кепілдендірілген көмек арқылы төленеді.

Бірақ барлық тұрғындарға бірдей емес. Сынаманы аяғы ауыр келіншектер мен дене қызуы көтеріліп, ауруханаға ауыр жағдайда түскен азаматтар ғана тегін тапсыра алады. Вирус анықталған жанмен тығыз қарым-қатынаста болғандар осы санатқа кіреді.

"Егер емдеу жедел қажет болмаса, карантин біткенге дейін күту мүмкіндігі болса, онда бұл жерде айтарлықтай мәселе көріп тұрған жоқпын. Егер азамат медициналық мекемелерге жедел түсіп жатса, мәселен, жүкті әйелдер, балалар мен зейнеткерлер, онда оларға медициналық сақтандыру аясында тестілеу тегін жүргізіледі", - дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" басқарма төрағасының орынбасары Марат Шоранов.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйке елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 4179-ға жеткен.

Сондай-ақ, бұған дейін әлем елдерінде коронавирусқа тест тапсыру қанша тұратынын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854546-covid-19-infekciasyny-bar-zogyn-anyktajyn-testti-kimder-tegin-tapsyra-alady.html