Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қаңғыбас иттерді ағашқа асып кеткендер тұрғындардың үрейін ұшырды

Опубликовано:

Алматы облысының Жетіген ауылында белгісіз біреулер көшеде қаңғыбас иттерді аулап, асқан қатігездікпен ұрып-соққан. Ал өлекселерін жол бойындағы ағаштарға асып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Телеарнаның мәліметінше, ауыл шетіндегі баққа таңсәріде серуендеуге шыққан жұрт сұмдық көрініске тап болған.

Әлдебіреулер бірнеше итті өлтіріп, ал өлекселерін ағаштарға асып кетіпті.  

Қатігездікпен өлтірілген иттерді бірінші болып балалар көріп, ата-анасына хабарлапты. Жасыл желектің арасындағы жантүршігерлік жағдайдан соң Жетіген жұрты қаскөйлерді табуды талап етіп отыр.  

Тұрғындар иттерді бір емес, бірнеше адамның жабылып өлтіргеніне сенімді. Ал қаскөйлер алыстан келмеген дейді. Себебі, ауылдардың барлығы карантинге жабылған. Жануарларды қорғаушылар да иттерді сыммен асып кеткендердің сазайын беру қажет деп отыр.

"Иттерді өлтіргендерді тауып, жазаға тартуды талап етеміз. Себебі, жануарды сонша қинағандарына қарағанда, психикалық денсаулығы дұрыс емес адамдар. Онлайларды ұстап, мәжбүрлі түрде емдеу керек. Кері жағдайда, адамдарға да зиян тигізуі мүмкін", - дейді жануарларды қорғаушы топтың еріктісі Наталья Сульжик.

Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызының айтуынша, қазір қылмыс жасалған орында полиция қызметкерлері арнайы топпен жедел-тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Кінәлі тұлғалар анықталып, қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Дереккөз КТК арнасы

Айта кетейік, бұған дейін Таразада мүмкіндігі шектеулі қожайынының арбасын итеріп, демеу көрсететін ит жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854552-almaty-oblysynda-kagybas-itterdi-agaska-asyp-ketken-kaskjler-trgyndardy-rejin-syrdy/

pixel