RU

Тағы 26 адамнан COVID-19 анықталды

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 26 адам тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 4205-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстандағы коронавирус бойынша 5 мамыр 22:50-дегі эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 инфекциясы табылған 26 адамның 16-ы Алматы қаласынан, біреуі Қызылорда облысынан, үшеуі Алматы облысынан, үшеуі Атырау облысынан, біреуі Жамбыл облысынан, біреуі Қарағанды облысынан және бір адам Батыс Қазақстан облысынан.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 732

Алматы қаласы – 1372

Шымкент қаласы – 216

Ақмола облысы – 101

Ақтөбе облысы – 163

Алматы облысы – 163

Атырау облысы – 209

Шығыс Қазақстан облысы – 30

Жамбыл облысы – 160

Батыс Қазақстан облысы – 199

Қарағанды облысы – 168

Қостанай облысы – 53

Қызылорда облысы – 217

Маңғыстау облысы – 85

Павлодар облысы – 152

Солтүстік Қазақстан облысы – 30

Түркістан облысы – 155, барлығы 4205 адам. Олардың 1279-ы ауруынан айықса, 29-ы қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын тестті кімдер тегін тапсыра алатыны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854559-tagy-26-adamnan-covid-19-anyktaldy.html