Выйти
RU

БАӘ-де алапат өртке оранған ғимараттың видеосы желіні шарлап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде өртке оранған ғимараттың видеосы пайда болды. Бір күн бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінде, Шарджа қаласында тұрғын үйде алапат өрт болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

БАӘ-дегі өртке оранған ғимараттың видеосы пайда болды

Видеодағы кадрлар

Төтенше жағдай туралы БАҚ өкілдеріне азаматтық қорғаныс бас басқармасы баяндады.

Агенттіктің хабарлауынша, өрт кезінде адам шығыны болмаған. Өрт сөндіру қызметі ғимараттан шамамен 250 отбасын қауіпсіз жерге алып шыққан.

Кейбір мәліметтер бойынша, жарақат алған жеті адамға дәрігерлердің көмегі қажет болыпты. Олар қара түтінге тұншыққан екен.

Өрт сөндірушілер ғимараттың сыртында да, ішінде де отпен күресіп жатқандығы туралы хабарланған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға бірнеше бригада жұмылдырылған, ал жоғарғы қабаттарда адамдардың болуы мен өрттің деңгейі беспилотниктің көмегімен тексерілді.

Кейбір мәліметтер бойынша, өрт ғимараттың 40 қабаттан аса бөлігін жаулап алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазнет қолданушылары елордада түсірілген видео жариялаған болатын. Кадрларда тұрғын үйлердің бірінен қара түтін көкке көтеріліп, өрт сөндіру машиналары оқиға орнына жеткені көрсетілген.

Төтенше жағдайлар департаменті Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің бірінің төбесі өртенгенін хабарлады. Өртпен күресу үшін 6 команда, өрт сөндіру қызметінің он шақты қызметкері жұмылдырылды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында орман өртеніп, оны сөндіруге әлемдегі ең үлкен тікұшақ жіберілген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАӘ-де алапат өртке оранған ғимараттың видеосы желіні шарлап кетті