Выйти
RU

Үй ауласында атыстың дыбысы естілді: Байқоңырда күдікті видео тарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Байқоңырдағы көпқабатты үйдің ауласында болған ұрыс-керіс түсірілген видео пайда болды. Кадрларда атыс дыбыстары естіледі. Видеода болған оқиғаларға аймақ полициясы түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Байқоңырда тұрғын үй ауласында болған атыстың дыбысы естілген ұрыс-керіс видеосы пайда болды

Видеодағы кадрлар/instagram.com/kazakhvideosy

Видео kazakhvideosy Instagram парақшасында жарияланған. Астындағы жазбаға қарағанда, жанжал Байқоңырда түсірілген.

Кадрда бір бағытта жүгіріп келе жатқан жастар тобы көрсетілген, айқайлар естіледі, содан кейін бірнеше атыс дыбыстары естіледі. Мұның бәрі балалар ойнайтын тұрғын үй ауласында орын алған.

Видеоны баласын ауладан үйге алып кіруге шыққан әйел түсірген. Кадрларда айқасқа дейін аулада ойнап жүрген қыз бірнеше адам біреуге жабылғанын айтады.

Қызылорда облысы полициясының Tengrinews.kz-ке хабарлауынша, оқиға 4 мамыр, дүйсенбі күні болған.

Екі топтың арасында қақтығыс болғаны анықталды. Ешкім полицияға және ауруханаға хабарласпаған, жарақат алғандар жайлы ақпарат жоқ.

Полиция хабарлағандай, бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Келісімге сәйкес Байқоңыр аумағындағы қоғамдық тәртіпті Ресей Федерациясының полициясы қадағалап отыратыны атап айтылды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер қолданылған!

Еске сала кетсек, Павлодар қаласының жеті тұрғыны кәмелетке толмаған қызды соққыға жыққаны үшін сотталды. Полияция өкілдері бір топ бойжеткенге қандай жаза тағайындалғаны мен оларға қандай айып тағылғанын түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үй ауласында атыстың дыбысы естілді: Байқоңырда күдікті видео тарады