Выйти
RU

Теңіз кенішінде коронавирусқа байланысты ерекше режим орнатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысы бас дәрігерінің қаулысымен Теңізде екі апталық ерекше режим енгізілді. Бұл шешім бірқатар мұнайшының коронавирус жұқтыруына байланысты қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: petrocouncil.kz

Фото: petrocouncil.kz

Құжаттың толық мәтіні pricom.kz сайтында жарияланды. Онда Теңіз кеніші облыс әкімдігімен бірге коронавирус белгілері бар адамдарды орналастыру үшін 300 төсек-орыннан тұратын уақытша аурухананы салу керек екендігі айтылған.

Сонымен қатар қаулыға сәйкес, вахта ауылында коронавирус жұқтырған адамдармен байланысқа түскендерді оқшаулауға арналған карантин орындарын ұйымдастыру міндеттелді.

Ерекше режим кезінде Теңіз кеніші аумағына кіру мен шығуға тыйым салу қарастырылып жатыр.

Түнгі сағат 21.00-ден таңғы 5.00-ге дейін адамдарға сыртқа шығуға болмайды.

Теңіз кенішіндегі жұмысшыларды үйіне тезірек жіберу тапсырылған. Мұнайшылар бұл үшін алдымен коронавирус тестін тапсырулары қажет.

Соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 4277-ге жетті. Оның 223-і Атырау облысында тіркелген.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Теңіз кенішінде коронавирусқа байланысты ерекше режим орнатылды