RU

"Менің үйім болмайды": Илон Маск жекеменшік мүліктерін сатып жатыр

Америкалық бизнесмен Илон Маск барлық жеке мүліктерінен құтылуды жөн санаған тәрізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Илон Маск жекеменшік мүліктерін сатып жатыр
Илон Маск. Фото GlobalLookPress: UGC

Өнертапқыштың Калифорниядағы қос үйі сатылымға қойылды.

Өткен жұмада Tesla басшысы Twitter-де өзінің барлық мүлкінен арылғысы келетіндігі туралы бірнеше хабарлама жазды. Масктың үйлері Zillow сайты арқылы 40 миллион долларға сатылады.

Сондай-ақ, қалталы азамат пен оның жұбы канадалық әнші Граймс екеуінің отбасында бала дүниеге келді.

"Анасы мен баласының жағдайы жақсы", – деп жазды ол Twitter парақшасында.

Масктың бұған дейінгі твиттерімен салыстырғанда бұл пост өте ұстамды көрінеді.

Нәрестенің аты кім деп сұрағанда, Маск: "X Æ A-12" деп жауап берген болатын. Қазіргі уақытта бұның қалай оқылып, айтылатыны белгісіз.

Tesla басшысы өз парақшасында инвесторлар оның компаниясының құнын асыра бағалайды деп жазды және бұл өз кезегінде биліктің назарын аударуы мүмкін, өйткені Маск өзінің компания акцияларының бағасын айла-шарғы жасауға тырысады деп күдіктенуі мүмкін.

Кәсіпкердің твитінен кейін инвесторлар акцияларын сата бастады, нәтижесінде компанияның нарықтық құны 14 миллиард долларға төмендеді.

Масктың басқа твиттері тіпті ерекше болды. Бірінде ол өзінің серіктесі онымен өте бақытсыз екенін жазды. Тағы бірінде ол құлыптауға қарсы наразылық білдіріп, "Американы қазір босат" деп талап етті.

  • Бассейні мен қонақ күтетін коттеджі бар Масктің үйлерінің бірінде бұған дейін голливуд актері Джин Уайлдер тұрған. Ол 9,5 миллион долларға сатылады. Екінші үйі болса, 30 миллион долларға сатылады.

Екі үй де Лос-Анджелесте орналасқан және оны агент арқылы емес, иесінің өзі сатады.

Нәтижесінде, қазір кейбіреулерді "Маск өз сарайларын шынымен сатып жатыр ма, әлде бұл Zillow сайтына кіріп алған алаяқтардың амалдары ма" деген сұрақ мазалап жатқан көрінеді.

"Барлық мүлкімді сатамын. Менің үйім болмайды", – деп жазды Маск.

Wall Street Journal былтыр Маск пен оған қатысты компаниялардың Калифорнияда кемінде жеті үйі бар екендігі туралы жазған болатын.

Еске сала кетсек, Илон Масктың алтыншы баласы дүниеге келгені туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854620-meni-jim-bolmajdy-ilon-mask-zekemensik-mlikterin-satyp-zatyr.html