Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Демалуды білеміз": Желіде саунадағы "судья мен прокурордың" видеосы пайда болды

Опубликовано:

Желіде сауна туралы шулы видео пайда болды. Жазба авторы карантин кезінде Алматы облысының прокуратурасы мен аудандық сот қызметкерлерінің демалып жүргенін айтқан. Осы роликке қатысты еліміздің ресми органдары пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Желіде тараған видео кадрынан өзін және саунада демалып жүргендерді түсірген ер адамды көруге болады. Ол Жаркенттен келген "ағасының" құрметі үшін саунада отырғанын жеткізген.

Сонымен қатар ролик авторының жуыну орнының барлық бөлмелерін көрсетіп, "жақсы демалуды білетіндерін айтқаны" да роликте көрінеді.

Одан бөлек, ер адам сауна ішінде жүрген "прокурорлар мен сот қызметкерлерін" таныстырып өткен.

Облыстық сот Facebook желісіндегі парақшасында шулы видеоға қатысты пікір білдірді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, олар бұл роликті сот жүйесіне қатысы жоқ азамат түсірген деп біледі.

Ведомство қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын, нәтижесі кейінірек белгілі болатынын мәлімдеді.

Облыстық сот тұрғындардан асығыс шешім жасамауды және ресми ақпаратқа сенуді сұрады.

Сонымен қатар, бұл видеоға байланыст Бас прокуратура да пікір білдіруді ұмытпады.

"Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында саунада судья мен прокурордың түсірілген ролик таралып жатыр. Осы дерек бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп тексеру департаменті тексеріс жүргізуде. Тексеру аяқталғанға дейін мерзімінен бұрын қорытынды жасамауға кеңес береміз. Оның нәтижелері көпшілікке жеткізіледі", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854631-demaludy-bilemiz-zelide-saunadagy-suda-men-prokurordy-videosy-pajda-boldy/

pixel