Выйти
RU

Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның әділет министрлігі былтыр жеті жаңа саяси партияны тіркеуден бас тартты. Бұл туралы әділет вице-министрі Наталья Пан мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Көрнекі фото: pixabay.com

Вице-министрдің айтуынша, 2018 және 2017 жылдармен салыстырғанда былтыр саяси белсенділіктің біршама өскені байқалған.

"Бүгінде тіркелмеген 7 саяси партия бар", - деді Пан мәжілістің отырысында.

Вице-министр партияларды тіркеуден бас тартудың себептерін атады.

"Жетеудің бесеуі бастамашы топтардың тізімін ұсынған жоқ. Біреуінде ұйымдастыру комитеті қызметінің мерзімі өтіп кеткен, ал заңда алты айлық мерзім қарастырылған. Осыған байланысты әділет министрлігі тіркеуден бас тартуға мәжбүр болады.
Тағы бір бірлестік тексерістен өтіп жатыр. Оның мүшелері шетел азаматы, құқық қорғау органдарының қызметкері, әскери қызметкер, судья болмауы керек. Осындай шектеулер бар", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін парламент мәжілісінің депутаттары саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайтуды көздейтін заң жобасын бірауыздан мақұлдаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады