Выйти
RU

Ресейден Қазақстанға оралған екі студенттен коронавирус табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін 6 мамырда Маңғыстау облысында коронавирус анықталған бес адамның екеуі Ресейден келген студент деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Ресейден Қазақстанға оралған екі студенттен коронавирус табылды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Штаб мәліметінше, COVID-19 инфекциясы табылған екі студенттің бірі 1999 жылғы бойжеткен мен 2000 жылғы жас жігіт.

Олар — Астраханьнан Ақтау қаласына келген.

Бұл азаматтардың келуі бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған. Олар жергілікті халықпен қарым-қатынас жасамаған.

Обсервациялық стационарға санитарлық дәрігерлердің қадағалауымен жатқызылған.

Қазір екі студентпен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирус бойынша 6 мамыр 12:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 4298-ге жеткен. Вирус жұқтырғандардың 90-ы Маңғыстау облысынан.

Сондай-ақ, өңірде 10 адам COVID-19-дан жазылып шықса, бір адам қайтыс болған.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирустан көз жұмғандар саны 30 адамға жетті. Бүгін тағы бір өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейден Қазақстанға оралған екі студенттен коронавирус табылды