Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 30-ға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған тағы бір тұрғын жайлы белгілі болды. Қайғылы жағдай туралы денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 30-ға жетті

Көрнекі фото: pixabay.com

Сұлтанғазиевтің мәліметінше, осы сағатта елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4298-ға жеткен. Олардың 1200-ден астамы ауруынан айыққан.

Пациенттердің 85%-ының жағдайы тұрақты қанағаттанарлық, 25 адам ауыр халде жатыр. Ал 6 науқастың жағдайы аса ауыр. Вирус жұқтырғандардың жетеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы елде COVID-19 инфекциясынан тағы бір адамның қайтыс болғанын хабарлады.

coronavirus2020.kz ресми сайтының мәліметінше, өлім жағдайы Алматы қаласында тіркелген. Марқұм 1952 жылы дүниеге келген.

Осылайша Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 30-ға жетіп отыр.

Ал әлемдегі коронавирус жағдайы туралы соңғы деректерге сүйенсек, дүниежүзі бойынша ауру жұқтырғандар саны 3,7 миллионнан асқан, 257 мыңнан аса адам вирус құрбаны болған.

Өлім-жітім саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Соңғы тәулікте мұнда 2 мыңнан аса адам көз жұмған. Жалпы елде COVID-19 қайтыс болғандар саны 72 мыңнан асады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еуропада коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша Ұлыбритания бірінші орында. Елде 29,4 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциядан қайтыс болған, бұл Италияға қарағанда 100 адамға артық.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 30-ға жетті