Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа мәдениет және спорт вице-министрі тағайындалды

Опубликовано:

Үкімет қаулысымен Сәкен Жүнісбекұлы Мұсайбеков мәдениет және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сәкен Мұсайбеков/фото: primeminister.kz
Сәкен Мұсайбеков/фото: primeminister.kz: Twitter

Осыған дейін аталған қызметті атқарған Елдос Мұратұлы Рамазанов берген өтінішіне сәйкес өз лауазымынан босатылған.

Сәкен Мұсайбеков 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1991 жылы "Алма" Алматы салааралық іскерлік қатынастар интерассоциациясының маркетинг бойынша жетекші маманы болып бастаған. 

1995-1996 жылдары — Министрлер Кабинеті жанындағы Шетел капиталын пайдалану комитетінің Сыртқы көмекті үйлестіру басқармасының жан-жақты көмек секторының жетекші маманы, бас маманы, 1996-2000 жылдары — парламент мәжілісі төрағасының көмекшісі болған.

Әр жылдары мемлекеттік кірістер министрінің кеңесшісі, Қаржы министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры, "Қазақавтожол" РМК бас директорының орынбасары, Қаржы министрлігі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2004-2005 жылдары — көлік және комуникациялар вице-министрі;

2008-2012 жылдары — "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына" АҚ аппаратының басшысы;

2012-2015 жылдары — Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры;

2015 жылдан 2019 жылға дейін мәдениет және спорт вице-министрі болған.

2019 жылғы ақпанынан жаңа қызметіне дейін Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы лауазымын атқарған. 

Айта кетейік, бұл аптада елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Мәселен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалса, оның орына мемлекет басшысының көмекшісі болған Аида Балаева барды.

Ал Мәулен Әшімбаев парламент сенатының төрағасы болып сайланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854702-zaa-mdeniet-zne-sport-vice-ministri-tagajyndaldy/

pixel