Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйде коронавирус жұқтырып алу мүмкін бе

Опубликовано:

Медицина ғылымдарының докторы, вирусолог, профессор Анатолий Альштейн коронавирусты үйде де жұқтыруға болатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Маманның айтуынша, вирусты тамақ немесе су арқылы да жұқтыруға болады. Мұндай жағдайда індет ішек инфекциясы ретінде дамиды.

"Мүмкіндігінше қайнаған суды қолдану керек, көкөністер мен жемістерді жуып, ішек инфекциясын болдырмау үшін азық-түліктерді термиялық өңдеуден өткізу қажет", – дейді ол.

Дегенмен профессор мұндай жолмен коронавирус жұқтыру мүмкіндігін төмен деп бағалады.

Сондай-ақ ол вирусқа жұқтыру қаупін төмендету үшін адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін жеткізді.

"Маска киіп, үнемі қолды жуып жүру керек. Сондай-ақ адамдармен байланыста болғанда кем дегенде екі метр ара қашықтық сақтау қажет", – дейді маман.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны күтіле ме деген сұраққа жауап берген еді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтың айтуынша, COVID- 19 жаңа вирус инфекциясы болғандықтан, екінші толқынды болжау мүмкін емес.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854721-jde-koronavirus-zktyryp-aluga-bola-ma-virusolog-zauap-berdi/

pixel