RU

Нидерланды мейрамханасы пандемия кезінде жұмыстың жаңа әдісіне көшті

Нидерланды астанасындағы мейрамханалардың бірі коронавирус пандемиясы кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтайтын жаңа жұмыс тәсіліне көшті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Mediamatic мейрамханасы. Фото: styleinsider.com
Mediamatic мейрамханасы. Фото: styleinsider.com: Facebook

Амстердамдағы Mediamatic мейрамханасының видеосын Ruptly агенттігі жариялады.

Кадрларға қарағанда, мекеме өз келушілерін бекітілген әлеуметтік ара қашықтық талаптарына сәйкестендіріп, әйнектен жасалған арнайы "жылыжайларға" жайғастырады. Мейрамхана қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен толық жабдықталған.

Мекеменің қожайыны Виллем Вельтховен 20 мамырға дейін барлық орындар брондалғанын атап өтті.

"Бір күннің ішінде 240 тапсырыс алдық", – дейді ол.

Соңғы деректерге сәйкес, Нидерландыда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 41 087 дерегі тіркелген. 250 науқас емделіп шықса, 5168 адам аурудан көз жұмды.

Жалпы, сәуірдің соңында ел аумағында вирустың таралу қарқыны бәсеңдеген. Осыған орай Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте оқшаулау шараларының жеңілдетілгенін мәлім етті.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4344 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854727-niderlandy-mejramhanasy-pandemia-kezinde-zmysty-zaa-disine-ksti-video.html