RU

Тоқаев: Су тасқынынан кейін баспанасынан айырылғандарға мыңнан астам үй салынады

Үкімет алдағы уақытта Түркістан облысында су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған тұрғындарға жүз мыңнан астам үй салуға кіріседі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Твиттер" парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі" , - деп жазды президент.

Айта кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірқатар ауылды су басқан болатын.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Үкіметке бұл мәселеге қатысты тапсырма беріліп қойған. Президент Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайтынын айтып, халыққа өз қолдауын білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854736-tokaev-su-taskynynan-kejin-baspanasynan-ajyrylgandarga-mynan-astam-j-salynady.html