RU

Талаптар жұмсартылды: Ұшақтарда араға бір орын қалдырып отырғызу тәртібін алып тастады

Қазақстанда коронавирус жұқтыру қарқыны бәсеңдеуіне байланвсты ұшақта жолаушыларды отырғызу талаптары жеңілдетілді. Егер бұған дейін адамдарды араға бір орын қалдырып отырғызған болса, енді әуе кемелерінің борты қайтадан толық болмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Pxhere
Көрнекі фото: Pxhere: UGC

Бұл туралы көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігері Сәдуақас Байбағұлов хабарлады.

Оның сөзінше, бірінші мамырдан бастап қайта іске қосылған әуе рейстеріндегі барлық жолаушыларды міндетті түрде COVID-19 вирусына тексеріп жатыр. Оған қоса, ауру белгілерінің барлығына тексеруде. Сонымен қатар, ол ұшақпен келген алғашқы жолаушылардың инфекцияға тестілері 28 мен 30 сәуір аралығындағы кезеңмен белгіленген.

Алтыншы мамырдағы жағдай бойынша, әзірге ішкі рейстегі бірде-бір жолаушыдан коронавирус анықталған жоқ.

Бұл жағдайды ескере отырып, жетінші мамырдан бастап талаптардың біреуін алып тастау шешімі қабылданды. Оған сәйкес, адамдар араға бір орын қалдырып отыру керек болған.

Санитар дәрігердің атымен тиісті қаулы шығарылды. Бұл дегеніміз ертеңнен бастап ішкі әуе рейстердің барлығында ұшақтар толық болады.

Бірақ, барлық ішкі рейстер бойынша бұған дейін енгізілген өзге санитарлық-карантиндік талаптар сақталады. Олардың арасында COVID-19 анықтамасы бар.

Санитар дәрігер алдағы уақытта талаптар тағы да жеңілдетілетінін айтты. Алайда, бұл жайт мемлекеттегі эпидемиялық жағдайдың тұрақталуына тікелей байланысты болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Fly Arystan ұшақтары енді Таразға ұшпайтынын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854738-talaptar-zmsartyldy-saktarda-araga-bir-oryn-kaldyryp-otyrgyzu-trtibin-alyp-tastady.html