Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алады

Опубликовано:

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айырылған қазақстандықтар өз төлемдерін екінші мәрте қашан алатынын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: UGC

Мемлекеттік органның баспасөз қызметі әрбір төлем алушының ақшаны алу күні әрқайсысына бөлек екенін мәлімдеді. Егер, азамат бірінші төлемін алтыншы сәуір күні алса, екіншісін бір айдан кейін, яғни алтыншы мамыр күні түседі. Мәселен, ақшаны 20 сәуірде алғандар екіншісін 20 мамырда алады. Алайда, бұл жағдай ТЖ режимі созылса ғана іске асырылмақ.

«Төлемдерді беру есебі ТЖ режимі енгізілген мерзім бойынша емес, ақша тағайындалған күннен бастап әрбір азаматқа бөлек жүреді. Тіпті, төлемді наурыздың соңында алғандарға айдың он күніне емес, ең аз айлық төлем мөлшерінде төленді" , - деді еңбек министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец.

Оған қоса, 11 мамыр күні ТЖ режимі ұзартылмаса, жәрдемақы тағайындалғандар оны тек екі рет қана ала алады, мамыр айы бойынша төленбейтін болады. Ведомствода 42 500 теңгені беру тәртібін түсіндірді.

Ережеге сәйкес, төлем тек бір рет қана тағайындалады. Яғни, оны алу үшін құжаттарды тиісті органға тек бір мәрте ғана өткізу керек. ТЖ режимі кезінде әлеуметтік көмек тағайындалған адамдар, қалған айлар бойы оны проактивті форматта алмақ. Сол себепті, құаттарды қайтадан өткізудің қажеті жоқ.

Министрліктің баспасөз қызметі бүгінде әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан 4 млн 478 мың төлем жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Олардың 3 млн 734 мыңы наурыз айында, 744 мыңы сәуірде төленді.

42 500 теңгеге сегіз миллионнан астам адам ұсыным түсірген. Олардың 3,4 млн оқиғасында төлем берілген жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854742-kazakstandyktar-42-500-tegeni-ekinsi-ret-kasan-alady/

pixel