Выйти
RU

БҚО-да Ресейден оралған екі адамнан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

7 мамыр сағат таңғы 09:25-тегі ақпарат бойынша, Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап хабарлайды.

БҚО-да Ресейден оралған екі адамнан коронавирус анықталды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирус инфекциясы анықталған адамдар Ресей Федерациясында жұмыс істейтін азаматтар, бірі 1977 жылғы Шымкент қаласының, бірі 1976 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.

Ресей Федерациясымен шекарадағы "Ақсай" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, олар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.

07.05.2020 жылғы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 210 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны — 59.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да Ресейден оралған екі адамнан коронавирус анықталды