Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кселл" және ivi activ Jańa 3990 тарифі абоненттеріне киноның шектеусіз әлемін ашуда

Опубликовано:

"Кселл" компаниясы activ абоненттері үшін ivi онлайн-кинотеатрына еркін қолжетімділікпен және интернет-трафик бойынша шектеуі жоқ жаңа – Jańa 3990 тарифін енгізуде.

"Кселл" және ivi activ Jańa 3990 тарифі абоненттеріне киноның шектеусіз әлемін ашуда

Енді Jańa 3990 тарифтік жоспарының барлық абоненттері 80 000 астам фильм мен сериалды ivi-де қосымша ақысыз және трафик көлемі бойынша шектеусіз барынша жоғары сапада және жарнамасыз көре алады.

ivi Онлайн-кинотеатры қызметін пайдалану үшін Jańa 3990 абоненттеріне төмендегі сілтеме арқылы телефон нөмірі бойынша тіркелу қажет: ivi.ru/profile

ivi каталогына Disney (оның ішінде қазақ тілінде), Marvel, Paramount, Universal жаңа кинолары, сондай-ақ соңғы сериал хиттері кіреді: «И повсюду тлеют пожары», «Дело», «Новый папа», «Рассказ служанки», «Сирена». Оған қоса уақыт сынағынан өткен әлемдік классика: сериалдар «Твин Пикс», «Друзья», «Теория Большого взрыва», «Сверхъестественное», «Доктор Хаус», «Остаться в живых». Пайдаланушылар сондай-ақ жергілікті өндіріс контентін, оның ішінде «Каникулы off-line», «Бойжеткен. Все из-за нее», «Брат или брак» 1 және 2, «Зын-зын Кулпаш», «Ата-ана. Бала-шаға», «Бастық боламын», «Молодожены» және тағы басқаларын көре алады.

"Бейнеконтентті тұтыну әлдеқашан интернетті пайдаланудың негізгі тәсілдерінің біріне айналған. Бүгінгі таңда нарық видеоның түрлі форматтарын – фильмдерді, сериалдарды, подкасттарды, онлайн-трансляцияларды; смартфонда, планшетте, теледидарда, компьютерде ұсынады. Біздің міндет – осы экрандардың барлығында болу. Ал ТМД-да Jańa 3990 жаңа тарифтік жоспарының аясында ivi сияқты бейнеконтентті жеткізушімен ынтымақтастық абоненттерімізге трафик құнын ойламастан ең сапалы лицензияланған бейнеконтентті пайдалануға рұқсат беретін тамаша мүмкіндік", - деп атап өтеді Бекарыс Нурумбетов, "Кселл" АҚ жаңа бизнесті дамыту бөлімінің басшысы.

"Біз Kcell-мен ұзақ мерзімі ынтымақтастығымызға разымыз және тариф ішінде ivi-ді пайдалану мүмкіндігі – біз үшін оператор абоненттеріне бірегей мүмкіндіктер мен кез келген құрылғыда – смартфоннан планшетке дейін, ноутбуктан Смарт ТВ-ға дейін ең үздік фильмдер мен сериалдарды шектеусіз қолжетімділік берудің қосымша мүмкіндігі", – деп бөлісті Артем Егоренков, ivi онлайн-кинотеатрын халықаралық дамыту жөніндегі директор.

Қызмет тарифтік жоспар бойынша абоненттік төлем алынған жағдайда көрсетіледі және 06.05.2020 ж. бастап 31.12.2020 ж. дейін әрекет етеді. ivi сервисін роумингте де пайдалануға болады, бірақ интернет-трафик тарифтік жоспар шарттарына сәйкес жұмсалады.

«Jańa 3990» тарифтік жоспарына желі ішіндегі шектелмеген қоңыраулар, әр 30 күн сайын Қазақстан бойынша басқа ұялы операторларға 250 мин, 25GB көлеміндегі интернет-трафик және желі ішінде 250 SMS кіреді.

Жаңа тарифтің қосымша қызметтеріне оған қоса WhatsApp, Instagram, TikTok, YouTube, FB, VK, ОK, Telegram, IMO, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Kundelik.kz, Egov.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz, Market.kz, Satu.kz сайттарына, сондай-ақ ZOOM, Skype, Skype for Business, TrueConf, Cisco WebEx, Microsoft Teams бейнеконференциялар сервистеріне лимитсіз интернет кіреді.

Тариф, оның шарттары мен қосу тәсілдері туралы толығырақ ақпарат сайтта.

PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854813-ksell-zne-ivi-activ-jana-3990-tarifi-abonentterine-kinony-sekteusiz-lemin-asuda/

pixel