RU

Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Осылайша, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 1470-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

7 мамыр сағат 17:10-дағы ақпар бойынша, тағы 20 қазақстандық дертті еңсеріп шыққан.

Нұр-Сұлтан қаласында – 10, Қостанай облысында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 5, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Атырау облысында – 1.

Осылайша, елімізде барлығы 1470 адам COVID-19- инфекциясынан емделді.

Нұр-Сұлтан қаласы – 346

Алматы қаласы – 299

Шымкент қаласы – 85

Ақмола облысы – 89

Ақтөбе облысы – 34

Алматы облысы – 40

Атырау облысы – 83

Шығыс Қазақстан облысы – 10

Жамбыл облысы – 55

Батыс Қазақстан облысы – 65

Қарағанды облысы – 82

Қостанай облысы – 18

Қызылорда облысы – 147

Маңғыстау облысы – 12

Павлодар облысы – 20

Солтүстік Қазақстан облысы – 28

Түркістан облысы – 57.

Айта кетейік, 7 мамыр сағат таңғы 09:25-тегі ақпарат бойынша, Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді.

Коронавирус инфекциясы анықталған адамдар Ресей Федерациясында жұмыс істейтін азаматтар, бірі 1977 жылғы Шымкент қаласының, бірі 1976 жылғы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны.

Ресей Федерациясымен шекарадағы "Ақсай" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, олар карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854819-kazakstanda-tagy-20-adam-koronavirus-infekciasynan-zazylyp-sykty.html