Выйти
RU

4578-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 48 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы 48 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4578-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"7 мамыр 22:50-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, Ақмола облысында - 2 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 2 адамнан, Қарағанды облысында - 2 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адамнан, Түркістан облысы - 3 адамнан, Алматы қаласында - 2 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласында - 33 адамнан, Шымкент қаласында - 1 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Осы сағатта

Нұр-Сұлтан қаласы – 898

Алматы қаласы – 1429

Шымкент қаласы – 224

Ақмола облысы – 103

Ақтөбе облысы – 172

Алматы облысы – 176

Атырау облысы – 240

Шығыс Қазақстан облысы – 32

Жамбыл облысы – 169

Батыс Қазақстан облысы – 217

Қарағанды облысы – 177

Қостанай облысы – 59

Қызылорда облысы – 223

Маңғыстау облысы – 105

Павлодар облысы – 152

Солтүстік Қазақстан облысы – 34

Түркістан облысы – 168, барлығы 4578 адам тіркелді. Оның 1518-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
4578-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 48 адам тіркелді