RU

Елімізде 42500 теңгені екінші рет қанша адам алды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді екінші рет 7 мамырдағы жағдай бойынша, 2,1 миллион қазақстандық алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ведомство мәліметінше, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады.

Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін аралықты қамтиды.

"Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 42 500 теңге төлемі енгізілген сәттен бастап оны 4,5 миллион адам алды.

Еске сала кетсек, осыған дейін 42500 теңгені екінші рет кімдердің алмайтынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854844-elimizde-42500-tegeni-ekinsi-ret-kansa-adam-aldy.html