Выйти
RU

4690 науқас: Қазақстанда тағы 112 адамнан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 112 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстан бойынша науқастар саны 4690 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстандағы коронавирус бойынша 8 мамыр 09:40-тағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 112 жағдай тіркелді.

Атап айтқанда:

Ақмола облысында - 3,

Атырау облысында - 16,

Жамбыл облысында - 2,

Қарағанды облысында - 3,

Қостанай облысында - 2,

Қызылорда облысында - 2,

Маңғыстау облысында - 4,

Түркістан облысында - 1,

Алматы қаласында - 72,

Нұр-Сұлтан қаласында - 7 жаңа науқас анықталды.

Жалпы, қазіргі уақытта:

Нұр-Сұлтан қаласында – 905,

Алматы қаласында – 1501,

Шымкент қаласында – 224,

Ақмола облысында – 106,

Ақтөбе облысында – 172,

Алматы облысында – 176,

Атырау облысында – 256,

Шығыс Қазақстан облысында – 32,

Жамбыл облысында – 171,

Батыс Қазақстан облысында – 217,

Қарағанды облысында – 180,

Қостанай облысында – 61,

Қызылорда облысында – 225,

Маңғыстау облысында – 109,

Павлодар облысында – 152,

Солтүстік Қазақстан облысында – 34,

Түркістан облысында – 169 науқас тіркелген.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
4690 науқас: Қазақстанда тағы 112 адамнан коронавирус анықталды