RU

Елімізде коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Павлодар облысында коронавирус инфекциясынан 57 жастағы адам көз жұмды. Осылайша, елімізде қатерлі дерттен 31 адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтының ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Twitter

23 сәуірде COVID-19 инфекциясы Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан табылды. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды.

Оның жіті бронхит диагнозы болды. Науқастың жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланды.

Пациент 2-типті қант диабетімен есепте тұрған.

26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ол жұқпалы госпиталдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды.

Күн сайын республикалық мамандармен кеңес өткізілді.

29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды.

2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургы шақырылды.

Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлады.

Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді.

6 мамыр күні сағат 20:40-та ер адамның биологиялық өлімі тіркелді.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 4690 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854861-elimizde-koronavirustan-tagy-bir-adam-kz-zmdy.html