Выйти
RU

Жамбыл облысында карантинге жатқызылған 26 дәрігер шу шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында карантиннен өту үшін стационарға жатқызылған медицина қызметкерлері палаталардың лас екенін айтып, шу шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Кадрлар КТК арнасының видеосынан

Кадрлар КТК арнасының видеосынан

Қызметкерлер өздері жайғастырылған бөлмелердің бұрынғы науқастардан кейін жиналмағанына таңғалған.

Олардың айтуынша, дәретханадағы қоқыс жәшігі босатылмаған, ал тоңазытқышта тамақтар жатқан. Тіпті, бұрынғы науқастардың төсек орындары да жиналмаған көрінеді.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, медиктер ол палаталарға қателесіп орналастырылған. Негізінде олар үшін басқа орындар дайындалған екен. Қазір медицина қызметкерлері сол бөлмелерге жайғастырылған.

Телеарнаның мәліметінше, барлық бөлмелер санитарлық тексерістен өткізіліп, науқастарға жаңа төсек орындар мен гигиеналық құралдар таратылған.

Дереккөз: КТК

Кейіннен медицина қызметкерлері жаңа видео түсіріп, онда карантин жағдайларына көңілдері толатынын жеткізген.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавируспен күресіп жүрген отандық дәрігерлер жанайқайын жеткізген болатын. Вирус жұқтырған адамдармен жұмыс істеп жүрген республиканың барлық дәрігерлері бір айдан бері жақындарын көрмеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында карантинге жатқызылған 26 дәрігер шу шығарды