Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк айырбастау пунктеріндегі шектеуді ұзартты

Опубликовано:

Ұлттық банк қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Twitter

Бекітілген шектің әрекет ету мерзімі 1 шілдеге дейін ұзартылған.

"Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады. Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуға қарсы және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдайға байланысты қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған", - делінген хабарламада.

Бекітілген шектің көлемі мынадай:

1) доллар үшін - 6 теңге;

1) еуро үшін - 7 теңге;

Бұл шектеулердің қолма-қол ақшасыз өткізілетін айырбастау операцияларына қатысы жоқ.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854895-lttyk-bank-ajyrbastau-punkterindegi-sekteudi-zartty/

pixel