Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұршақ, дауыл, найзағай": Елімізде 9 мамырда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

9 мамыр күні ауа райының құбылуына байланысты еліміздің үш өңірінде ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Синоптиктердің мәліметінше, 9 мамыр күні Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ түсуі мүмкін.

Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей аумақтарда 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Ауа райын болжаушылар Қарағанды облысының кей жерлерінде күн күркірейтінін мәлім етті.

"Жел шығыстан соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында 9 мамырда жел шығыстан соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал", - деді олар.

Сонымен қатар Жеңіс күні Жезқазған қаласында да жел шығыстан соғады. Оның екпіні 15-20 м/с болады деп күтіліп отыр.

Ал Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауатыны айтылды. Өңірде күндіз күн күркіреген уақытта оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

Орал қаласында 9 мамыр күні кешке найзағай жарқылдауы ықтимал.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854907-brsak-dauyl-najzagaj-elimizde-9-mamyrda-aua-rajy-kandaj-bolady/

pixel