Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Киімнің қалтасында кеткен": Әйел су басқан ауылға байқаусызда 3 мың доллар беріп жіберді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде қазақстандық азаматшаның 3 мың доллар ақшасын байқаусызда Түркістан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге берген сәті пайда болды. Әйел адам күйеуінің киімін гуманитарлық көмек ретінде жіберген көрінеді. Ал сол күртешенің қалтасында қомақты қаржы болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Белгілі болғандай, әйел адам Мақтаралға көмекке деп күйеуінің кимейтін киімдерін беріп жіберген.

Солардың арасындағы бір күртешенің қалтасында үш мың долларға жуық қаржы болған көрінеді.

Кадрдан ерлі-зайыптылардың қомақты қаражатын тапқанын, оны көпшіліктің алдында санап тұрғанын байқау қиын емес.

Бұны көрген желі оқырмандары "Бұйырған кетпейді", "Адал еңбекпен келген ақшасы өзінен кетпеді", "Ниеті ақ екен, өзіне бұйырып тұр", "Қызық жағдай", деген пікірлерін білдірді.

Еске сала кетсек, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірқатар ауылды су басқан болатын.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1854921-kiimni-kaltasynda-ketken-jel-su-baskan-auylga-bajkausyzda-3-my-dollar-berip-ziberdi/

pixel