Выйти
RU

Тоқаев Мақтаарал жұрты жаңа үй мен 100 мың теңгеден алатынын мәлім етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы табиғат апатының зардабын тартқан тұрғындар 100 мың теңгеден алып, кейбірі жөндеуден өткен, кейбірі жаңа баспанаға көшетін болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі.
Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда", - деп жазды Қазақстан президенті.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы өзбек тарапымен арадағы байланыс туралы да хабарлады.

"Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бірқатар ауылды су басқан болатын.

Орын алған оқиғаға байланысты Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан Түркістан облысында 22 мыңнан астам эвакуацияланғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев барлық зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Мақтаарал жұрты жаңа үй мен 100 мың теңгеден алатынын мәлім етті