Выйти
RU

Жеңіс күні: Ақтөбеліктер супермаркетте қосыла ән шырқады (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе тұрғындары супермаркетте Ұлы Жеңістің басты әнін қосыла шырқады. Осылайша, қалада бүгінгі маңызды мерекеге арналған акция өткізілген. Оқиға бейнеленген видеороликтер желідегі түрлі парақшаларға тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс күні: Ақтөбеліктер супермаркетте қосыла ән шырқады (видео)

Видеодан алынған кадрлар: instagram.com/gizattik

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Ақтөбеде әуенді акция басталды: облыстық филармонияның Қазақ камералық хорының әншілері түрлі сауда алаңдарында соғыс жылдарындағы әндерді орындаған.

Қаладағы супермаркеттердің бірінде хористер мерекенің ең басты әнін - «Жеңіс күнін» шырқаған. Оларға дүкенге келген өзге де сатып алушылар бірден қолдау көрсетіп, әнге қосыла кетіпті.

Видеороликті супермаркеттің Instagram-парақшасы жариялады.

Оған қоса, ақтөбеліктер елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған "Мәңгілік алау" акциясын да жалғастырды.

Қазақстан аумағында жарияланған карантинге байланысты барлық ауқымды іс-шаралар өткізілмейтін болғандықтан, қала тұрғындары өз үйлерінде шам жағып, мейрамды атап өткен.

Естеріңізге сала кетсек, KAZ.NUR.KZ қан майданда жанқиярлықпен асқан ерлік көрсеткен қаһармандар туралы материал жариялаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жеңіс күні: Ақтөбеліктер супермаркетте қосыла ән шырқады (видео)