Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Омаровтың анасы 96 жасқа қараған шағында өмірден озды

Опубликовано:

Қазақстандық танымал композитор әрі әнші Марат Омаровтың анасы дүниеден өтті. Өнер иесі жанұясына қатысты қайғылы хабарды Sputnik Қазақстан агенттігіне жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ

Марат Омаровтың анасы 96 жасқа қараған шағында өмірден озды
Марат Омаров анасымен. Фото: www.instagram.com/marat_omarov_kz: Instagram

Композитор анасы Сұлухан Сұлтанованың 96 жасқа қараған шағында Шымкентте қайтыс болғанын жеткізген.

"Ол Шымкентте тұрды. Мен қазір осы қаладамын. Анам инсульттан қайтыс болды. Жерлеу рәсімі ертең, 10 мамырда өтеді",  - деді Марат Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетерлігі, отандық өнер иесі хлыққа "Анашым" атты әнімен танылған еді. Ол әнді өзінің анасы Сұлухан Сұлтановаға арнаған екен.

Туындыдағы "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" деген өлең жолдары көптің санасына сіңген қанатты сөздердің біріне айналған.

KAZ.NUR.KZ редакциясының ұжымы Марат Омаровтың жанұясына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1854986-marat-omarovty-anasy-96-zaska-karagan-sagynda-mirden-ozdy/

pixel