RU

COVID-19: Елімізде тағы 24 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Елімізде тағы 24 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4946-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

COVID-19: Елімізде тағы 24 адамның вирус жұқтырғаны анықталды
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Қазақстандағы 2020 жылғы 9 мамырдағы сағат 18:40-тағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы:

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 24 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Шымкент қаласында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 6, Қарағанды облысында – 2, Атырау облысында – 5, Шығыс Қазақстан облысында – 5, Түркістан облысында – 2.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 4 946 адам анықталды.

Олардың ішінде:

Алматы қаласы – 1559,

Нұр-Сұлтан қаласы – 1017

Атырау облысы – 295,

Шымкент қаласы – 229,

Қызылорда облысы – 226,

БҚО – 224,

Қарағанды облысы – 188,

Алматы облысы – 182,

Жамбыл облысы – 177,

Түркістан облысы – 174,

Ақтөбе облысы – 172,

Павлодар облысы – 154,

Маңғыстау облысы – 113,

Ақмола облысы – 106,

Қостанай облысы – 61,

ШҚО – 48,

СҚО – 34.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша, елімізде қауіпті дерттен көз жұмғандар саны 31 адамға жетіп отыр. Соңғы өлім жағдайы Павлодар облысында тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1854992-covid-19-elimizde-tagy-24-adamny-virus-zktyrgany-anyktaldy.html