Выйти
RU

Назарбаев Путинмен коронавирустың экономикаға әсері туралы сөйлесті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Елбасының сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейде коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ індеттің мемлекеттердің экономикалық дамуына әсерін талқылады.

Осы ретте тараптар тезірек жаһандық коронавирус пандемиясын еңсеруге және экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған үйлестірілген халықаралық шаралар әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев Путинмен коронавирустың экономикаға әсері туралы сөйлесті