Выйти
RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 4 миллионнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі уақытта дүние жүзінде 4 100 609 адам коронавирус жұқтырған.

Бұл көрсеткіш бойынша Америка Құрама Штаттары көш бастап тұр. Онда науқастар саны 1,3 миллионнан асқан. Ал көршілес Ресей аталған тізімде бесінші орынға көтерілді. Елдегі науқастар саны 198 676 адамды құрайды.

Әлем бойынша қатерлі індеттен көз жұмғандар саны 280 мыңнан асты деп жазды Worldometer. Ал аурудан жазылып шыққан науқастар саны – 1 439 842.

Айта кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 5 мыңға жуықтады.

Еліміздегі 2020 жылғы 9 мамыр сағат 22:30-дағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, жалпы науқастар саны 4975-ке жетті. 1766 адам қауіпті індеттен жазылып шықты.

Сонымен қатар, елімізде аталған аурудан 31 адам көз жұмды. Соңғы өлім жағдайы Павлодар облысында тіркелген. 29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4 миллионнан асты