Выйти
RU

"Барыс" хоккей клубына келетін жаңа бапкердің аты-жөні белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін қазақстандық "Барыстың" жаңа бас бапкері болып чехиялық маман Милош Ржига тағайындалмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.ru-ға сілтеме жасап.

Милош Ржига. Фото: РИА Новости / Алексей Даничев

Милош Ржига. Фото: РИА Новости / Алексей Даничев

"ҚХЛ клубы чехиялық маманмен келісімнің шарттарын алдын ала келісіп қойды. Болжам бойынша келісімнің мерзімі 2022 жылғы сәуірге дейін болмақ.
Қазір "Барыс" хоккей клубы мен Ржиганың өкілдері келісімнің соңғы шарттарын, сондай-ақ еңбек шартының қаржылық мәселесін талқылауда.
Сонымен қатар, "Барыс" бұл келісімнің сәтсіздікке ұшыраған жағдайына дайын болу үшін өзге де бапкерлермен келіссөздер жүргізуде. Алайда, елорданың хоккей клубы бұл лауазымға лайықты үміткер ретінде чехиялық маманға басымдық беріп отыр", – делінген хабарламада.

"Барыс" хоккей клубының 61 жастағы Милош Ржигамен келіссөздер жүргізіп жатқаны 5 мамырда белгілі болды. Сол күні бапкер 2017 жылдан бері жаттықтырып келе жатқан Чехия ұлттық құрамасынан кетті. Айта кетейік, Ржига Чехия құрамасымен 2018 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен.

Бұдан кейін чехиялық маманның өзі "Барыс" хоккей клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне келіссөздер жүргізіп жатқанын растады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Барыс" клубын Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтап, Абайдың әнін орындаған команда капитанына алғыс білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Барыс" хоккей клубына келетін жаңа бапкердің аты-жөні белгілі болды