Выйти
RU

"Жұдырықтай біргеміз": Ақтөбеден Мақтааралға көмек керуені аттанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының халқына ақтөбелік ұстаздар ерекше сәлемдеме жолдады. Әр ұстаз өз отбасының атынан көмек себетін жолдап, ішіне лебізге толы хат салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Білім саласында жүрген ұстаздар мен оқытушылар​ бірнеше күннен бері басына қиындық түскен мақтааралдықтарға қаржылай қолдауын көрсетіп жатыр. Колледж, мектеп, балабақша, қосымша білім беру мекемесінің басшылары өз отбасының атынан көмек жіберуде. Бұл жерде жиналу деген болған жоқ. Әр тұлға шаңырағының атынан қажетті заттарды әкелді. Әрбір көмек қалтасының ішіне хат бар. Онда ұстаздың ыстық лебізі жазылған. Алыстағы ағайынмен жұдырықтай бірге екенімізді жеткіздік", – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Облыс бойынша барлығы 402 мектеп, 500-ге жуық балабақша, 46 колледж және 50-ге жуық қосымша білім беру мекемесінің қызметкерлері жолдаған көмек қалталарының өзі бір үлкен жүк көлігіне толды.

Сонымен қатар, Мақтаарал жұртының басына түскен қиындыққа​ ақтөбелік шағын жүк көлігінің иелері де үн қосуда. ГАЗель көлігінің иелері әлеуметтік желілер арқылы халыққа үндеу жасаған. Санаулы күнде 3,5 миллиондай ақша жиналды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Түркістан облысында болған төтенше жағдайға байланысты ораза айында сауапты іс жасауды қолға алдық. Қаланың әр жеріне машиналарларды қойып, халықтан көмек жиналды. Енді осы жиналған заттарды қиналған елге аманат ретінде жеткізуді мойнымызға міндет қылып алып отырмыз. Жан- жақтан ағылып қол ұшын созуға ұмтылған халыққа алғыс айтамыз.​ Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Жамандық айтып келмейді. Мұндайды басқа бермесін. Тек аман болайық", – деді ГАЗель жүргізушісі.

Олар жолда ауызашардың уақытында кідіріп, өздері тамақ істеу үшін қазан, самаурын секілді қажетті заттарын алған. Себебі көмек керуенін бастағандардың дені ораза ұстап ауыз бекіткендер.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Ақтөбедегі ГАЗель айдайтын жігіттерге Алла разы болсын. Солардың бастамасына біз де ілесіп жатырмыз. "Жүректен жүрекке" еріктілері жиналған 500 мың теңгеге азық-түлік, гигиеналық заттар алып тиедік. Сонымен қатар жүргізушілердің қолдарына жанар-жағармайға деп бөлек азын аулақ ақшамызды бердік. Қазіргі күні 4 волонтёр арнайы рұқсат қағазын алып, сол жаққа еріп барады. Осы сапарымызда ондағы ағайынның жайын жүрекпен сезініп, қолымыздан келген көмекті бергіміз келеді", – дейді "Жүректен жүрекке" еріктілер тобының жетекшісі Әлішер Садық.

Азық-түліктер мен тұрмыстық қажетті заттар тиелген жүк көліктерінің саны жиырмаға жетеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жұдырықтай біргеміз": Ақтөбеден Мақтааралға көмек керуені аттанды