RU

Тони Фергюсон 8 жылда бірінше рет жеңіліске ұшырады (видео)

Америкалық спортшы Тони Фергюсон UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы титулы сарапқа салынған кездесуде жеңіліп қалды. Ол қарсыласы Джастин Гэтжиге бесінші раундта есе жіберді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: twitter.com/ufcnews
Фото: twitter.com/ufcnews: Twitter

Спорт жанкүйерлері тағатсыздана күткен UFC 249 турнирі Джексонвиллде өтті.

Фергюсон кездесуді жоғары қарқында бастап, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Екінші раундта тең есеп тіркелді.

Қалған үш раунд бойы Джастин Гэтжи америкалық спортшыны соққының астына алумен ерекшеленді.

Соның нәтижесінде UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы титулы сарапқа салынған кездесуде Тони Фергюсон техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

Әлеуметтік желілерде тараған видео кадрларынан америкалық спортшының шешімге көңілі толмағанын көруге болады.

Айта кетейік, бұл турнирдің басты айқасында Тони Фергюсонмен ресейлік Хабиб Нурмагомедов жұдырықтасуы керек болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бұл жекпе-жек орын алған жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1855033-toni-ferguson-8-zylda-birinse-ret-zeiliske-syrady-video.html