Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

11 мамырдан бастап карантин режимі жеңілдей ме: Елорда әкімдігі пікір білдірді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік желіде тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді. Көптің талқысына түскен жазбада карантин шараларының кезең-кезеңмен жеңілдетіні айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Facebook

Бұл туралы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз. Барлық жаңалықтар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында, ал мемлекеттік комиссияның шешімі премьер-министрдің сайтында жарияланады", - деді ол.

Әлеуметтік желіде тараған жазбада 11 мамырдан бастап азық-түлік базарларының, мәдениет және спорт нысандарының қызметін бастайтыны көрсетілген. Одан бөлек, 25 мамырдан бастап балабақшалар, бизнес-орталықтар мен кеңселердің ашылатыны айтылды.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855045-11-mamyrdan-bastap-karantin-rezimi-zeildej-me-elorda-kimdigi-pikir-bildirdi/

pixel