Выйти
RU

Уханьда көптен бері алғаш рет Covid-19 жұқтырған адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Көптен бері COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелмеген эпидемия ошағы болған Уханьда коронавирус жұқтырған бір оқиға тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басылым мәліметінше, науқастың жағдайы ауыр.

Одан бөлек, Хубэй провинциясында соңғы тәулікте 17 коронавирус инфекциясын тасымалдаушы тіркелді. Оларда ауру белгілері жоқ.

Еске сала кетсек, 23 қаңтардан бастап Ухань коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты сыртқы әлемнен толықтай оқшауланды.

Қаламен көлік байланысы, соның ішінде метро, автобустар, паромдар толығымен тоқтатылды. Шаһарға кемелер жіберілмеді, әуежай және теміржол станциялары жұмыс істеген жоқ. Ухань тұрғындарына қаладан арнайы рұқсатынсыз шығуға тыйым салынды.

Ал 28 наурыздан бастап Уханьда қалаға кіретін теміржол байланысы қалпына келтіріліп, 8 сәуірден бастап шаһардан шығуға рұқсат берілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Уханьда көптен бері алғаш рет Covid-19 жұқтырған адам тіркелді