Выйти
RU

Алматы коронавирус таралуының шарықтау шегінен өтті ме: Бекшин пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада коронавирус жұқтырғандардың 92 пайызы вирус анықталған сәтте оқшауландырылғанын және сыртқы ортамен байланыста болмағанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Жандарбек Бекшин. Фото: primeminister.kz

Жандарбек Бекшин. Фото: primeminister.kz

"Бұл вирус Алматыда ең алғаш 13 наурызда тіркелгені белгілі. Ал қазіргі уақытта оңтүстік астанамыз аурушаңдық шыңынан өтті. Үйдегі індет ошақтарының саны және тұрғындар арасындағы науқастар көрсеткіш азайды", - деді ол.

Бекшиннің сөзінше, бұл профилактикалық скрининг тәсілінің жемісі болып табылады.

"Осыдан кейін де коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санын осылай уақытында анықтап, оқшаулау және олармен тығыз байланыста болған адамдармен жұмыс істеу әдісін ұстанамыз. Профилактикалық заманауи бұл тәсіл вирустың сыртқы ортаға таралып кетпеуінің алдын алады және қауіпті дерттің алғашқы сатысында-ақ анықталады", - деді Алматы қаласының бас санитары.

Ол атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қазіргі уақытта науқастар санының күнделікті өсу қарқыны 27 пайыздан 5 пайызға азайғанын мәлім етті.

"Эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Біздің ойымызша бұл көрсеткіш те бара-бара одан әрі төмендейді", - деді Жандарбек Бекшин.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Еске сала кетсек, осыған дейін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры Дамир Көпжасаров елімізде коронавирус инфекциясының екінші толқыны күзде болуы мүмкін екенін айтты.

"Тұрғындар вирустың бар екенін есте сақтау керек. Ол тек бізде емес, ешбір елде жойылмады. Ешқандай симптомсыз жүретін адамдар инфекцияны кез келген уақытта жұқтыра алады", - Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының директоры.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы коронавирус таралуының шарықтау шегінен өтті ме: Бекшин пікір білдірді