Выйти
RU

Елордада қоғамдық көлік қашаннан бастап жүре бастайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

City Transportation Systems компаниясы Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қашаннан бастап қалпына келетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы ақпаратты компания Instagram желісіндегі cts_kz парақшасында жариялады.

"Қоғамдық көлік жұмысының жандануы бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілгеннен кейін:

  • Жолаушыларға жаңа қосымша тарифтер қолжетімді болады.
  • 18 жасқа дейінгі балалар көлік картасы бар болған жағдайда автобустарда тегін жүреді.
  • Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген және тұратын жеңілдігі бар көлік картасының пайдаланушылары қалалық, экспресс және қала маңындағы бағдарларда тегін қатынайды.
  • "Аймақ" жеңілдігі бар көлік картасын пайдаланатын азаматтар тек қала маңына қатынайтын бағдарларда жүре алады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада қоғамдық көлік қашаннан бастап жүре бастайды