Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр жұртынан Мақтааралға көмек:Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Опубликовано:

Қызылорда облысы әкімдігің бастамасымен облыстық жастар саясаты басқармасы жанынан құрылған волонтёрлар штабының ұйымдастыруымен 4 мамыр күні су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдаукөрсету мақсатында облыстық штаб құрылды. 

Сыр жұртынан Мақтааралға көмек:Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Облыс әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастар атсалысып, 6 және 9 мамыр күндері «СЫР ЖҰРТЫНАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК» ұранымен Түркістан облысына гуманитарлық көмек жеткізілген болатын. 

Бұл жұмыстар жалғасын тауып, Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға Сыр өңірінен гуманитарлық көмектің 3-ші кезеңі жолға шықты.  

Қармақшы, Сырдария аудандары және Байқоңыр қаласынан 13 автокөлікпен барлығы 24 тонна азық түлік,  2 тонна жем, 2 тонна киім-кешек, 1 тонна тұрмыстық заттар және 1 бас жылқы, 1 бас сиыр малы жіберілді. 

Жалпы 6 мамырдан бастап Сыр жұртшылығы Түркістан облысына 68 тонна гуманитарлық көмек жіберді. 

Гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.

Біз Мақтааралмен біргеміз! 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855070-syr-zrtynan-maktaaralga-kmektrkistan-oblysyna-68-tonna-gumanitarlyk-kmek-ziberildi/

pixel