RU

11 мамырдан кейін Алматыда карантин режимі сақтала ма: Бекшин жауап берді

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін де карантин талаптарын сақтауға шақырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Оның сөзінше, 11 мамырдан кейін оңтүстік астанада карантин режимі сақталады.

Бекшин медициналық бетперде киіп, жеке басының қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу үшін дезинфекциялық және антисептикалық құралдарды пайдалануды тоқтатпауы керектігін ескертті .

"Барлық қауіпсіздік шаралары сақталатынын айтқым келеді. Төтенше жағдай режимі аяқталған күннің өзінде шектеу шаралары, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Менің ойымша, бұл – бізге әлі де қажет. Өйткені, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі толық сейілген жоқ", – Алматының бас санитарлық дәрігері .

Ол қала тұрғындарына халық көп шоғырланған жерлерге бармауға кеңес берді.

Бекшиннің сөзінше, дүкен, шаштараз, киім тазалайтын орындарға барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

"Қаладағы барлық жұмыс берушілерге айтарым: өз қызметкерлерін кәсіпорынның немесе нысанның меншік нысанына қарамастан жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету керек. Барлық персонал бетперде, қолғап және өзінің технологиялық киімінде болуы тиіс. Дүкендер мен шаштараз қызметкерлері міндетті түрде бетперде, бас киім және фирмалық киіммен қоса, қолғап киюі қажет. Барлық үй-жайлар үнемі желдетіліп, ал жұмыс орындары дезинфекциялау құралдарымен өңделуі шарт", – деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталатынын мәлім етті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855073-11-mamyrdan-kejin-almatyda-karantin-rezimi-saktala-ma-beksin-zauap-berdi.html